Жолдарды бағындыру үшін жасалған және кез келген жинақтамадағы жабдықталуымен таң қалдырады.
Жүргізу жеңілдеді
Corolla жүргізуден ұмытылмас сезімдер сыйлайды
Қауіпсіздік ең алдымен
Сізді және жол қозғалысының басқа қатысушыларын қорғау үшін жасалған қауіпсіздік жүйелері
Жайлы саяхаттаңыз
Әдемі және кең салон жайлылығымен ерекшеленеді және стильді көрінеді
Қозғалысы жатық және елгезек трансмиссиялар
Кез келген жағдайда теңдесі жоқ динамика
Қосылу мүмкіндіктері
Toyota мультимедиялық жүйесі смартфонмен интеграцияны қолдайды.
Әр бөлшегіндегі динамика
Сүйірленген контурлары Toyota-ның жарыстық мұрасын бейнелеп, автокөліктің таңдаулы екенін айшықтап тұр.
Седан Corolla — озық технологиялардың сырбаз бейнесі. Отын үнемділігінің және кең салонының арқасында ол ыңғайлылық бойынша үміттерді ақтап қана қоймай, заманауи дизайнының, жүрісінің жатықтығының және динамикасының есебінен эмоциялар деңгейінде де сүйсіндіреді.
Corolla седаны сымсыз зарядтау функциясымен жабдықталады және сізге әрдайым байланыста болуға көмектесетін Apple CarPlay және Android Auto интерфейстері арқылы қосылатын ауқымды мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Corolla седанындағы сымсыз байланыс арқылы бағдарламалық құралды жаңарту функциясының арқасында бүкіл әлем алақаныңызда.
Corolla әрбір сапардан жайлылық пен ләззат сыйлайды. Интуитивті және теңгерімді қуат агрегаты кез келген жағдайда бірқалыпты әрі сенімді жүріс динамикасын қамтамасыз етеді.
Corolla седаны Toyota инженерлік тәжірибесінің бай мұрасын негізге алады. Бензин нұсқасы сыналған технологияларды, үнемділікті және сенімді динамиканы үйлестіріп, қалада да, тас жолда да жайлылықты қамтамасыз етеді. Бұл – күнделікті сапарлар мен ұзақ жолдарға арналған сенімді автомобиль.
Toyota Corolla сіздің сенімді жүргізу көмекшіңізге айналатын T-Mate озық қауіпсіздік жүйелерінің кешенімен жабдықталады. T-Mate — тас жолда да, қала көшелері мен тұрақтарда да жүргізушіге автокөлікті басқаруға көмектесуге және жүргізуді анағұрлым қауіпсіз етуге арналған жүйелер жиынтығы.
Өзіңізге қызмет көрсету және жөндеу саласындағы Toyota шешімдерін ашыңыз. Кешенді техникалық қызмет көрсетуге ие болуы үшін Toyota авторландырылған сервис орталықтарына хабарласыңыз.
Көп жылдар өтсе де Toyota автокөлігіңіз сізді сатып алған күндегідей қуантуы үшін оған өкілетті сервис орталықтарында сапалы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етіңіз.
Біз Toyota автокөліктеріне сапалы техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін ұсынамыз.
Біздің сервис орталықтарымызда тек білікті механиктер жұмыс істейді және түпнұсқа қосалқы бөлшектерді ғана қолданады, сондықтан сіз әрдайым Toyota-дан күтетін сапа деңгейін аласыз.