Land Cruiser 300 өзінің әсерлі пропорцияларымен және күшті сызықтарымен көз тартады. Аңызға айналған негізгін қалаушылардың дәстүрін жалғастыра отырып, Land Cruiser уақыттан тыс силуэтінде танымал ДНҚ-ын сақтап қалды. Қалада, трассада немесе қиын жерлерде — Land Cruiser 300 кез келген жағдайда сенімділікпен жүреді.
Land Cruiser 300 кез келген сапарда жаңа стандарттарды айқындайды. Жолдағы бірқалыпты жүріс пен сенімді басқару аңызға айналған өтімділікпен үйлесім тапқан. Жоғары динамикалық көрсеткіштер берік рамамен, төмен орналасқан ауырлық орталығымен және жаңартылған гидроқозғалтқышпен қамтамасыз етіледі, бұл кез келген жылдамдықта мінсіз басқаруға кепілдік береді.
Кез келген жол жағдайында жылдам әрекет ететін әрі қуатты V6 Land Cruiser 300 турбиналы қозғалтқышы керемет өнімділігін көрсетеді. Көлемі 3,3 литр дизельді қозғалтқыш 299 ат күші өндіреді, ал көлемі 3,5 литр бензинді нұсқасы 415 ат күшін беріп, динамикалық үдеуді қамтамасыз етеді.
Инновациялық технологиялар жүргізу кезінде ең жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. Toyota Safety Sense жүйесінің ең жаңа нұсқасы бар Land Cruiser 300 көлігі соқтығысудың алдын алуға арналған жетілдірілген Pre-Collision System (PCS) жүйесімен жабдықталған. Көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі (BSM) жүргізушіге қозғалыс жолағын ауыстырған кезде қолдау көрсетеді.
Land Cruiser 300 цифрлық аспаптар тақтасы барлық жағдайдан хабардар болуға мүмкіндік береді. Көпфункциялы аспаптар қалқаншасы мен проекциялық дисплейдің арқасында басқарудың жеңілдігін тамашалаңыз. Жылдам әрекет ететін мультимедиалық сенсорлық экран және Apple CarPlay және Android Auto жүйелерімен толық интеграция арқылы сүйікті қолданбаларыңызға оңай қол жеткізіңіз.
Шанақтың күшейтілген қорғанысынан бастап жүккөтергіштіктің артуына дейін — Land Cruiser 300 көлігіңізді Toyota-ның түпнұсқа аксессуарларымен ерекше етіңіз. Тек Land Cruiser 300 үшін арнайы әзірленген және Toyota сапасының жоғары стандарттарына сәйкес келетін аксессуарлар кез келген саяхатта сенімділік сыйлайды.
Өзіңізге қызмет көрсету және жөндеу саласындағы Toyota шешімдерін ашыңыз. Кешенді техникалық қызмет көрсетуге ие болуы үшін Toyota авторландырылған сервис орталықтарына хабарласыңыз.
Көп жылдар өтсе де Toyota автокөлігіңіз сізді сатып алған күндегідей қуантуы үшін оған өкілетті сервис орталықтарында сапалы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етіңіз.
Біз Toyota автокөліктеріне сапалы техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін ұсынамыз.
Барлық жаңа Toyota автокөліктеріне 3 жылға немесе 100 000 км жүрісіне дейін (қайсысы бұрын орындалса) зауыттық кепілдік беріледі. Кепілдік өндірістік ақауларды қамтиды, сондықтан сіз Toyota автокөлігіңізбен сенімді әрі алаңсыз жүре аласыз.